News Narxoz Global KZ and Events Narxoz Global KZ

Allvet жобасы үйлестірушісінің "Алматыдағы Эразмус+ бағдарламасының ақпараттық күніне" қатысуы

Қазақстандағы ұлттық кеңсе 2019 жылдың 7-8 қарашасында Алматы технологиялық университетінің базасында (бас оқу ғимаратының кіші акт залында) "Эразмус+" бағдарламасының Алматыдағы Ақпараттық күнін" өткізді. Ақпараттық күнді ұйымдастырушылар:
- Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі;
- Қазақстандағы Еуропалық одақтың өкілдігі;
- Еуропалық Комиссияның Білім, аудиовизуалды құралдар және мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігі Қазақстандағы "Эразмус+" бағдарламасының ұлттық кеңсесі.
2 күн ішінде анонсталған бағдарламаға сәйкес Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары үшін "Эразмус+ "бағдарламасының әр түрлі компоненттеріне қатысу мүмкіндіктері айтылды және 2020 жылға арналған конкурстын талаптары түсіндірілді.

News KZ