Allvet жобасы үйлестірушісінің "Алматыдағы Эразмус+ бағдарламасының ақпараттық күніне" қатысуы
Қазақстандағы ұлттық кеңсе 2019 жылдың 7-8 қарашасында Алматы технологиялық университетінің базасында (бас оқу ғимаратының кіші акт залында) "Эразмус+" бағдарламасының Алматыдағы Ақпараттық күнін" өткізді. Ақпараттық күнді ұйымдастырушылар: - Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі; - Қазақстандағы Еуропалық одақтың өкілдігі; - Еуропалық Комиссияның Білім, аудиовизуалды құралдар және мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігі Қазақстандағы "Эразмус+" бағдарламасының ұлттық кеңсесі. 2 күн ішінде анонсталған бағдарламаға сәйкес Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары үшін "Эразмус+ "бағдарламасының әр түрлі компоненттеріне қатысу мүмкіндіктері айтылды және 2020 жылға арналған конкурстын талаптары түсіндірілді.